Quantcast
Channel: Department of Justice of Pavlodar region
Viewing all articles
Browse latest Browse all 133

Әділет кеңес береді

$
0
0

2015 жылғы 30 қазан күні  «№ 14 Лебяжі колледжі» КММ-нің қабырғасында «Әділет  кеңес береді» тақырыбына арналған іс-шара өтті. Кездесуді  «Нұр Отан » партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мусинова С.Р. және Лебяжі ауданының әділет басқармасының басшысы Б.Қ.Хамзина бастады.

 Баяндамада Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, жылжымайтын мүлікті, азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғындарға «005 бағдарламасы» қоғамдағы бейбітшілік пен келісім , Қазақстанда тұратын барлық этностардың туған тілі мен мәдениетін еркін дамыту сияқты тақырыптар сөз етілді. Барлық мамандықтардың студенттері белсенді қатысты. Өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу ниетттес, достық, тілектестік жағдайда өтті. Кездесу барысында жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу, электрондық анықтамалар алу мәселелері талқыланды, сондай-ақ қолайсыз отбасылардағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру мәселелері де талқыланды.

Іс-шараның мақсатты Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігін насихаттау, отан сүйгіштікті қалыптастыру және халықаралық қатынастарды нығайту.

Кездесу сонында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты арқасында бірлік пен тұрақтылық орнаған, гүлденген мемлекетте тұратындарын айтып, алғыстарын білдірді.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 133

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>