2015 жылдың 30 қазандаПавлодар аудандық әділет басқармасының басшысы Ж.Н. Жаминов «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Павлодар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізді.
Акция барысында Павлодар аудандық әділет басқармасының басшысы Ж.Н. Жаминов азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Негізінен жылжымайтын мүлікті тіркеу, тіркеу мерзімдері, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер туралы сұрақтар көтерілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу мерзімі өткізілген жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы мәселелер көтерілді. Бұл орайда салынған өтемақыны төлеу тәртібін реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер сөз етілді.